Доллар бағамы тағы төрт теңгеге көтерілді

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-да доллардың орташа сараланған бағамы тағы 3,59 теңгеге көтеріліп, 442,17 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да 65,65 теңгеге (+0,69) дейін көтерілді.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 0,04 теңгеге өсіп, 7,77 теңгеге жетті.
Еуроның орташа сараланған бағамы 461 теңге болды.
Ақша айырбастау орындарында доллар 441-446 теңге, еуро 461-466 теңге, ресей рублі 7-7,4 теңге аралығында сатылып жатыр.
Бөлісу
0
Толық оқу