Доллар бағамы тағы көтерілді

доллар, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2022 16:25 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 2,52 теңгеге қымбаттап, 477,12 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
  • Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,89 теңгеге (-0,03) түсті.

  • Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, 68,10 теңге (+0,11) болды.

  • Еуро бағамын Ұлттық банк 473,81 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау пункттерінде доллар 474-478 теңгеге сатылса, еуро 474-482 теңгеге өсті. Рубль – 7,4-7,8 теңге.

Ал 16 қыркүйектегі аукционда әлемдік мұнай бағасы көтерілді. Осылайша Brent маркалы мұнайдың қарашадағы фьючерстері 0,39% өсіп, барреліне 91,19 доллар болды.

WTI қазандағы фьючерстері 0,24% өсіп, барреліне 85,3 доллар болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: