5 қыркүйектегі саудада доллар бағамы көтерілді

Теңге, доллар, еуро, рубль, юань, мұнай, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2023 16:00 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,58 теңгеге қымбаттап, 459,97 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 62,89 теңгеге (-0,11) түсті.

Еуро бағамын Ұлттық банк 495,09 теңге, рубль бағамын 4,74 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар – 459,5-462,5 теңге, еуро – 495,5-499,5 теңге, ресей рублі – 4,67-4,87 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал 5 қыркүйектегі саудада әлемдік мұнай бағасы төмендей түсті.

ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың қараша фьючерстерінің құны 0,90%-ға арзандап, барреліне 88,20 доллар болды.

NYMEX электрондық саудасында қазан айындағы WTI мұнай фьючерстері 0,44%-ға арзандап, барреліне 85,17 доллар болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: