6 қыркүйектегі саудада доллар екі теңгедей қымбаттады
Сурет: freepik
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,41 теңгеге қымбаттап, 461,41 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да 63,06 теңгеге (-0,17) дейін көтерілді.
Еуро бағамын Ұлттық банк 494,28 теңге, рубль бағамын 4,71 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар – 461-464 теңге, еуро – 494,5-498,5 теңге, ресей рублі – 4,69-4,89 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ал, 6 қыркүйектегі аукционда мұнайдың әлемдік бағасы төмендеп жатыр.
ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың қараша фьючерстерінің құны барреліне 0,86%-ға арзандап, 89,27 доллар болды.
NYMEX электрондық саудасында қазан айындағы WTI мұнай фьючерстері 0,84%-ға арзандап, барреліне 85,96 доллар болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript