20 қыркүйектегі саудада доллар тағы екі теңгедей қымбаттады
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, сағат 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,85 теңгеге қымбаттап, 473,22 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да 64,68 теңгеге дейін көтерілді (+0,16).
Еуро бағамын Ұлттық банк 503,93 теңге, рубльді 4,9 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 472-475 теңге, еуро 502-506 теңге, ресей рублі 4,77-4,97 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ал 20 қыркүйектегі саудада әлемдік мұнай бағасы төмендеді.
ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың қарашадағы фьючерстерінің құны 1,09%-ға төмендеп, барреліне 93,31 доллар болды.
NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың қарашадағы фьючерстері 1,15%-ға төмендеп, барреліне 89,44 доллар болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript