21 қыркүйектегі саудада доллар тағы екі теңгеге қымбаттады

Теңге, доллар, еуро, рубль, юань, мұнай, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2023 16:07 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 2,78 теңгеге қымбаттап, 475,96 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да 65,04 теңгеге (+0,35) дейін көтерілді.

Еуро бағамын Ұлттық банк 506,11 теңге, рубльді 4,9 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 476,5-479,5 теңге, еуро 506,5-511,3 теңге, ресей рублі 4,79-4,99 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ал 21 қыркүйектегі аукционда әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.

ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың қарашадағы фьючерстерінің құны 1,12%-ға төмендеп, барреліне 92,48 доллар болды.

NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың қарашадағы фьючерстері 1,14%-ға төмендеп, барреліне 88,64 доллар болды.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: