19 қазандағы саудада доллар қымбаттады
Сурет: pexels
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,37 теңгеге қымбаттап, 479,40 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 65,37 теңгеге (-0,08) дейін төмендеді.
Еуро бағамын Ұлттық банк 505,14 теңге, рубльді 4,91 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 478,1-480,1 теңге, еуро 505-508 теңге, ресей рублі 4,79-4,93 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ал 19 қазандағы саудада әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.
ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстерінің құны 1,19%-ға төмендеп, барреліне 90,41 доллар болды.
NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстері 1,03%-ға төмендеп, барреліне 86,37 доллар болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript