17 қазандағы саудада доллар сәл қымбаттады

Теңге, доллар, еуро, рубль, юань, мұнай, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2023 16:31 Сурет: pixabay
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,46 теңгеге қымбаттап, 477,12 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да 65,22 теңгеге (+0,09) дейін көтерілді.

Еуро бағамын Ұлттық банк 501,85 теңге, рубльді 4,9 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 476,7-478,9 теңге, еуро 503,5-506,5 теңге, ресей рублі 4,77-4,91 теңге аралығында саудаланып жатыр.

17 қазандағы саудада әлемдік мұнай бағасы төмендеді.

Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстерінің құны барреліне 89,63 болды, бұл алдыңғы сессияның жабылуындағы көрсеткіштен 0,02%-ға төмен.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) электронды саудада қараша айындағы WTI маркалы мұнай фьючерстері 0,18%-ға арзандап, барреліне 86,5 доллар болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: