26 қазандағы саудада доллар бағамы сәл көтерілді
Сурет: freepik
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,41 теңгеге қымбаттап, 476,28 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 65,07 теңге (-0,20) болды.
Еуро бағамын Ұлттық банк 505,98 теңге, рубльді 5,08 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 477,3-479,5 теңге, еуро 502-505 теңге, ресей рублі 4,95-5,09 теңге аралығында саудаланып жатыр.
26 қазандағы саудада әлемдік мұнай бағасы түсті.
ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстерінің құны 0,54%-ға төмендеп, барреліне 89,64 доллар болды.
NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстері 0,71%-ға төмендеп, барреліне 84,78 доллар болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript