4 желтоқсандағы саудада доллар бағамы сәл көтерілді

Теңге, доллар, еуро, рубль, юань, мұнай, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2023 16:26 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,96 теңгеге қымбаттап, 461,33 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да көтеріліп, 64,60 теңге (+0,28) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 501,38 теңге, рубльді 5,11 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 461,7-463,7 теңгеге, еуро 500,5-503,5 теңгеге, ресей рублі 5,05-5,19 теңгеге саудаланып жатыр.

Ал әлемдік мұнай бағасы 4 желтоқсандағы саудада төмендеді.

ICE Futures электронды саудасында ақпандағы Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны 1,15%-ға төмендеп, барреліне 77,97 доллар болды.

NYMEX электронды саудасында WTI мұнайының қаңтардағы фьючерстері 1,11%-ға арзандап, барреліне 73,25 доллар болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: