5 қазандағы саудада доллар бағамы қайта көтерілді
Сурет: pexels
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,70 теңгеге қымбаттап, 477,44 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытайдағы мереке күндеріне байланысты юаньмен сауда жүргізілмеді. Мереке алдындағы саудада қытай юанінің орташа сараланған бағамы 65,88 теңге болды.
Еуро бағамын Ұлттық банк 500,23 теңге, рубльді 4,79 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 477,3-480,1 теңге, еуро 501-505 теңге, ресей рублі 4,73-4,93 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ал, мұнайдың әлемдік бағасы бір күн бұрын құлдырағаннан кейін 5 қазандағы сауда барысында қайта көтерілді.
ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстерінің құны 0,15%-ға өсіп, барреліне 85,94 доллар болды.
NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының қараша айындағы фьючерстері 0,13%-ға өсіп, барреліне 84,33 доллар болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript