2 қазандағы түскі саудада доллар тағы көтерілді

Валюта бағамы анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2023 15:41 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,36 теңгеге қымбаттап, 478,35 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытайдағы мереке күндеріне байланысты юаньмен сауда болған жоқ. Мереке алдындағы саудада қытай юанінің орташа сараланған бағамы 65,88 теңге болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 503,51 теңге, рубльді 4,88 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 478-481 теңгеге, еуро 504-508 теңгеге, ресей рублі 4,75-4,95 теңгеге сатылуда.

Ал 2 қазандағы аукционда әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы желтоқсандағы фьючерстерінің құны 0,33%-ға өсіп, барреліне 92,50 долларды құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының қарашадағы фьючерстері 0,39%-ға өсіп, барреліне 91,14 долларды құрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: