20 шілдедегі саудада доллар бағамы қайта көтерілді

Теңге, доллар, еуро, рубль, юань, мұнай, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2023 16:13 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,12 теңгеге қымбаттап, 443,99 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа бағамы да өсіп, 61,71 теңге (+0,50) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 497,09 теңге, рубльді 4,86 ​​теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 444-447 теңге, еуро 498-502,5 теңге, ресей рублі 4,81-5,03 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ал, 20 шілдедегі саудада әлемдік мұнай бағасы өсе түсті.

ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың қыркүйектегі фьючерстерінің құны 0,44%-ға өсіп, барреліне 79,81 доллар болды.

NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстері барреліне 0,49%-ға өсіп, 75,66 доллар болды.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: