10 шілдедегі саудада доллар бағамы сәл көтерілді
Сурет: pexels
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,87 теңгеге көтеріліп, 444,89 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы аздап өсіп, 61,45 теңге (+0,43) болды.
Еуро бағамын Ұлттық банк 483,47 теңге, рубльді 4,9 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 445-448 теңге, еуро 486,5-491 теңге, ресей рублі 4,83-5,07 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ал 10 шілдедегі саудада мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді.
ICE Futures электронды саудасында Brent маркалы мұнайдың қыркүйектегі фьючерстерінің құны 0,83%-ға арзандап, барреліне 77,82 доллар болды.
NYMEX электронды саудасында WTI мұнайының тамыз айындағы фьючерстері 0,84%-ға төмендеп, барреліне 73,24 доллар болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript