15 қарашадағы саудада доллар бағамы сәл көтерілді

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,10 теңгеге көтеріліп, 460,99 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, 65,61 теңге (+0,48) болды.
Еуро мен рубль бойынша сауда болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 474,08 теңге, рубль бағамын 7,61 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 475-479 теңге, еуро 458-466 теңге, ресей рублі 7,2-7,6 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ал 15 қарашадағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеді.
Brent маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстері 0,28%-ға төмендеп, барреліне 92,88 доллар болды.
WTI маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстері 0,61%-ға төмендеп, барреліне 85,35 доллар болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript