9 қарашадағы саудада доллар қымбаттады
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,39 теңгеге көтеріліп, 465,58 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, 64,10 теңге (+0,24) болды.
Еуро мен Ресей рублімен сауда болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 464,01 теңге, рубльді 7,61 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар – 466,5-470 теңге, еуро – 467-472 теңге, ресей рублі – 7,15-7,35 теңге аралығында сатылып жатыр.
9 қарашадағы сауда-саттықта мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді.
Brent маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстерінің құны 0,4%-ға арзандап, барреліне 94,98 доллар болды.
WTI маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстері 0,53%-ға төмендеп, барреліне 88,44 доллар болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript