10 қазандағы саудада доллар қымбаттады
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,63 теңгеге көтеріліп, 473,38 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,69 теңгеге (-0,08) түсті.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 66,49 теңге болды.
Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 462,84 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 473,5-477 теңге, еуро 461-466 теңге, ресей рублі 7-7,35 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ал 10 қазандағы аукционда мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді.
Brent маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстерінің құны барреліне 3,71%-ға өсіп, 97,92 доллар болды.
Қараша айындағы WTI мұнайының фьючерстері 4,74%-ға өсіп, барреліне 92,64 долларға жетті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript