Доллар сәл қымбаттады

Доллар, рубль, юань, теңге, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2022 16:20 Сурет: pixabay
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,62 теңгеге көтеріліп, 476,27 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,90 теңгеге (+0,09) дейін көтерілді.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы сәл көтеріліп, 70,50 теңге (+0,295) болды.

Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Ұлттық банк бағамды 487,02 теңге деп бекітті.

Ақша айырбастау орындарында доллар 476-480 теңгеге, еуро 485-490 теңгеге, рубль 7,3-7,7 теңгеге сатып алынып/сатылып жатыр.

3 тамыздағы аукционда мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді.

Brent маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерстерінің бағасы барреліне 0,02%-ға арзандап, 100,52 доллар болды.

WTI маркасының қыркүйектегі фьючерстері 0,01%-ға төмендеп, барреліне 94,41 доллар болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: