Доллар бағамы 481 теңгеден асты

Доллар, юань, рубль, теңге, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2022 15:47 Сурет: pixabay
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,85 теңгеге көтеріліп, 481,20 теңге болғанын мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы да 0,8 теңгеге өсіп, 8,73 теңге болды.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы сәл көтеріліп, 71,24 теңге (+0,0078) болды.

Еуро бойынша саудаланған жоқ. Ұлттық банк еуро бағамын 491,89 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 482-487 теңгеге, еуро 490-496 теңгеге. рубль 7,6-8,3 теңгеге сатып алынып/сатылып жатыр.

Ал 20 шілдедегі сауда-саттықта мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді. Лондондағы ICE Futures биржасында Brent мұнайының қыркүйектегі фьючерстері барреліне 0,59 долларға арзандап, 106,76 доллар болды.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) электронды саудада WTI маркалы мұнайдың тамыздағы фьючерстері 0,34 долларға арзандап, барреліне 103,88 доллар болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: