Жаңалықтар тізбегі
0

28 желтоқсандағы саудада доллар сәл қымбаттады

Теңге, доллар, рубль, мұнай, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2022 15:58 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,65 теңгеге көтеріліп, 461,23 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,52 теңге (-1,17) болды.

Басқа валюталармен сауда болған жоқ.

Еуро бағамын Ұлттық банк 490,88 теңге, қытай юанін 66,18 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 463-467 теңге, еуро 490-496 теңге, ресей рублі 6,15-6,5 теңге аралығында саудаланып жатыр.

28 желтоқсандағы сауда барысында мұнайдың әлемдік бағасында айтарлықтай өзгеріс бола қойған жоқ. 

Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы ақпандағы фьючерсінің құны барреліне 84,33 доллар күйінде қалды.

Нью-Йорк тауар биржасындағы (NYMEX) электронды саудада ақпан айындағы WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 0,06%-ға өсіп, барреліне 79,58 доллар болды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: