9 желтоқсандағы саудада доллар сәл қымбаттады
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-да доллардың орташа сараланған бағамы 0,10 теңгеге көтеріліп, 472,14 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы да 0,01 теңгеге көтеріліп, 7,53 теңге болды.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 67,99 теңге (+0,31) болды.
Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 495,5 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 470-473,5 теңге, еуро 497-502 теңге, ресей рублі 7,2-7,4 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript