6 желтоқсандағы саудада доллар қымбаттады
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы бірден 3,07 теңгеге көтеріліп, 472,33 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, 67,74 теңге (+0,16) болды.
Еуромен және Ресей рублімен сауда болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 495,07 теңге, рубльді 7,56 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 475-479 теңге, еуро 458-466 теңге, ресей рублі 7,2-7,6 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ал 6 желтоқсандағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтерілді.
ICE Futures бойынша Brent маркалы мұнайдың ақпан фьючерстерінің құны 0,25%-ға өсіп, барреліне 82,89 доллар болды.
WTI мұнайының қаңтардағы фьючерстік бағасы барреліне 0,13%-ға өсіп, 77,03 доллар болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript