29 желтоқсандағы саудада доллар бағамы сәл көтерілді
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,87 теңгеге көтеріліп, 454,56 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, 63,95 теңге (+0,22) болды.
Ұлттық банк еуро бағамын 504,77 теңге, рубльді 5,01 теңге деп бекітті.
Ақша айырбастау орындарында доллар 456,2-458,8 теңге, еуро 500-503,5 теңге, ресей рублі 4,93-5,05 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың наурыздағы фьючерстерінің бағасы барреліне 77,59 доллар болды, бұл алдыңғы сессияның жабылуынан 0,57%-ға жоғары.
Нью-Йорк тауар биржасындағы (NYMEX) ақпан айындағы электрон саудада WTI мұнайы 0,43%-ға өсіп, барреліне 72,08 доллар болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript