22 қазандағы саудада доллар қымбаттады

Доллар, еуро, теңге, мұнай, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2022 16:11 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,98 теңгеге көтеріліп, 472,93 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,83 теңгеге дейін төмендеді.

Басқа валюталармен сауда болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 458,27 теңге, қытай юанінің бағамын 64,97 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 471,5-475 теңге, еуро 464-470 теңге, ресей рублі 7,1-7,4 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Мұнайдың әлемдік бағасы кешегі сауда қорытындысы бойынша сәл көтерілді.

Brent фьючерстерінің бағасы 0,75%-ға өсіп, барреліне 93,50 доллар болды.

WTI фьючерстерінің бағасы 0,29%-ға өсіп, барреліне 85,14 доллар болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: