25 мамырдағы саудада доллар бағамы тағы өсті

Теңге, доллар, еуро, рубль, юань, мұнай, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2023 15:49 Сурет: pixabay
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,98 теңгеге көтеріліп, 446,65 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да өсіп, 63,07 теңге (+0,37) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 478,8 теңге, рубльді 5,56 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 444,5-447 теңге, еуро 479-483 теңге, ресей рублі 5,5-5,7 теңге аралығында сатып алынып/сатылып жатыр.

Ал, 25 мамырдағы саудада мұнайдың әлемдік бағасы өзгерген жоқ.

Brent маркалы мұнайдың шілдедегі фьючерстерінің бағасы барреліне 78,36  доллар деңгейінде қалды.

WTI маркалы мұнайдың шілдедегі фьючерстерінің құны 0,15%-ға арзандап, барреліне 74,23 доллар болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: