11 мамырдағы саудада доллар бағамы өсті

Доллар, теңге, рубль, еуро, мұнай, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2023 15:59 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,12 теңгеге көтеріліп, 444,22 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы Алматы уақытымен сағат 12:00-де төмендеп, 64 теңге (-0,22) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 486,67 теңге, рубль бағамын 5,82 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 443-447 теңге, еуро 485-492 теңге, ресей рублі 5,65-5,85 теңге аралығында саудаланып жатыр.

11 мамырда әлемдік мұнай бағасы көтерілді. Brent маркалы мұнайдың шілдедегі фьючерстерінің бағасы 0,88%-ға өсіп, барреліне 77,08 доллар болса, WTI маркалы мұнайдың маусымдағы фьючерстері 0,87%-ға өсіп, 73,19 доллар болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: