4 мамырдағы саудада доллар бағамы өсті
Сурет: pexels
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,55 теңгеге көтеріліп, 445,29 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы Алматы уақыты бойынша 12:00-де 64,59 теңге болды.
Еуро бағамын Ұлттық банк 488,54 теңге, рубль бағамын 5,58 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 444-447,5 теңгеден, еуро 486-496 теңгеден, ресей рублі 5,5-5,7 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Мұнай бағасы қайта қалпына келді. Brent маркалы мұнайдың шілдедегі фьючерстері барреліне 0,82%-ға қымбаттап, 72,92 доллар, WTI маркалы мнайдың маусымдағы фьючерстері 0,58%-ға өсіп, 69 доллар болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript