6 сәуірдегі саудада доллар бағамы сәл өсті
Сурет: pixabay
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,35 теңгеге көтеріліп, 447,31 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы Алматы уақыты бойынша сағат 12:00-де төмендеп, 65,15 теңге (-0,18) болды.
Еуро бағамын Ұлттық банк 489,32 теңге, рубль бағамын 5,63 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 445-449 теңге, еуро 486-492 теңге, ресей рублі 5,5-5,8 теңге аралығында саудаланып жатыр.
6 сәуірде мұнай бағасы төмендеді. Brent маркалы мұнайдың маусымдағы фьючерстерінің бағасы барреліне 0,54%-ға төмендеп, 84,53 доллар болды, WTI маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстері 0,67%-ға арзандап, 80,07 доллар болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript