Доллар бағамы 4 теңгеге өсті
Сурет: unsplash
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,99 теңгеге көтеріліп, 455,07 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы Алматы уақыты бойынша сағат 12:00-де 65,86 теңге (+0,46) болды.
Еуро бағамын Ұлттық банк 494,88 теңге, рубль бағамын 5,53 теңге деп белгіледі.
Айырбастау пункттерінде доллар 453 - 459 теңгеден, еуро 498 - 505 теңгеден, рубль 5,45 - 5,7 теңгеден сатып алынып/сатылып жатыр.
19 сәуірде мұнай құны төмендеді. Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 0,27% төмендеп, барреліне 84,54 доллар, WTI марклы мұнайдың маусым фьючерстерінің бағасы 0,25% төмендеп, 80,7 доллар болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript