Доллар бағамы 4 теңгеге өсті
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 4,23 теңгеге көтеріліп, 450,48 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, Алматы уақытымен 12:00-де 64,44 теңге (+0,51) болды.
Еуро бағамын Ұлттық банк 486,53 теңге, рубль бағамын 5,78 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 447-452 теңге, еуро 490-494 теңге, ресей рублі 5,6-5,8 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Дүйсенбі, 15 мамырда мұнай арзандады. Brent маркалы мұнайдың шілдедегі фьючерстерінің бағасы барреліне 0,66% арзандап, 74,68 доллар, WTI маркалы мұнайдың маусымындағы фьючерстері 0,61%-ға арзандап, 69,62 доллар болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript