1 маусымдағы саудада доллар бағамы сәл көтерілді
Сурет: freepik
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,01 теңгеге көтеріліп, 448,72 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 63,01 теңге (-0,04) болды.
Еуро бағамын Ұлттық банк 478,33 теңге, рубльді 5,58 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 446-449 теңге, еуро 477-483 теңге, ресей рублі 5,4-5,55 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ал 1 маусымдағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтерілді.
ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың тамыз фьючерстерінің құны барреліне 0,29%-ға өсіп, 72,81 доллар болды.
NYMEX электронды саудасында WTI маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстері барреліне 0,21%-ға өсіп, 68,23 доллар болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript