16 қаңтардағы саудада доллар сәл көтерілді
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,40 теңгеге көтеріліп, 462,69 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, 68,96 теңге (+0,38) болды.
Еуро мен рубль бойынша сауда болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 501,21 теңге, рубльді 6,89 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 461,5-465 теңге, еуро 499-505 теңге, ресей рублі 6,55-6,8 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ал 16 қаңтардағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендей түсті.
ICE Futures бойынша Brent маркалы мұнайдың наурыз фьючерстерінің құны 1,27%-ға арзандап, барреліне 84,20 доллар болды.
NYMEX электронды саудасында наурыз айындағы WTI фьючерстері 1,49%-ға төмендеп, барреліне 78,92 доллар болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript