11 қаңтардағы саудада доллар сәл қымбаттады

Теңге, доллар, рубль, юань, мұнай, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.01.2023 16:30 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,31 теңгеге көтеріліп, 462,20 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 68,10 теңге (-0,01) болды.

Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Рубль бойынша сауда-саттық әлі аяқталмады. Еуро бағамын Ұлттық банк 496,2 теңге, рубльді 6,65 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 462,5-466 теңге, еуро 493-498 теңге, ресей рублі 6,35-6,6 теңге аралығында саудаланып жатыр.

11 қаңтардағы саудада мұнайдың әлемдік бағасы төмендей түсті.

Мәселен, Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,9%-ға төмендеп, барреліне 79,35 доллар болды.

Ал АҚШ-тың West Texas Intermediate (WTI) мұнайының фьючерстері 1,1%-ға арзандап, барреліне 74,33 доллар болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: