Көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты. Ессіз күйде табылған бала ауруханаға жеткізілді

Өрт Сурет: Павлодар облыстық ТЖД
Павлодар қаласында 16 маусымда сағат 16:04-те Жаяу Мұса көшесіндегі тоғыз қабатты үйдің сегізінші қабатындағы пәтерден өрт шықты. Бір бөлмелі пәтердің 6 шаршы метр аумағында балконның ағаш жақтаулары мен үй заттары өртенген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ, тоғызыншы қабатта бір бөлмелі пәтерде 3 шаршы метр алаңда пластикалық балконның жақтауы жанса, оныншы қабатта бір бөлмелі пәтерде жоғары температураның әсерінен пластикалық балкон жақтауының екі шаршы метр аумағы балқыған.

Газ-түтіннен қорғау қызметінің мамандары сегізінші қабаттағы пәтердің кіре беріс металл есігін бұзып ашқан. Айналаны шолу кезінде 2015 жылы туылған бала зал бөлмеде төсекте ессіз күйде табылды.

Аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Дастан Сүлейменов балаға «Фенист» құтқару құрылғысын салып, далаға көтеріп алып шықты. Баланы «103» қызметіне тапсырды. Зардап шегуші қазіргі таңда облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. 

Павлодар облысы ТЖД өрт сөндірушілері 8-9 қабаттан үш бала мен бір ересек адамды құтқарды. Өрт сөндірушілердің сүйемелдеуімен 25 адам, оның ішінде 10 бала эвакуацияланды. Құтқарушылар келгенге дейін 15 адам баспалдақпен өздігінен эвакуацияланды.

Тілсіз жау сағат 16:38-де толығымен жойылды. Өрттің шығу себебі анықталуда. Павлодар облысы ТЖД жеке құрамынан 28 адам және тоғыз техника, АМО, «102», «103» қызметтері  жұмылдырылды. Біз ата-аналардан баласын үйде жалғыз қалдырмауды сұраймыз. Павлодар облыстық ТЖД

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, өрттен үш адам зардап шеккен. Оның екеуі - бала. 2004 жылғы ұл мен 1976 жылғы ер азаматқа жедел жәрдем қызметкерлері көмектесті. Оларды ауруханаға жатқызуға негіз болмаған. Ал 2015 жылғы бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Оның жағдайы - орташа ауыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз