Павлодарда көпқабатты тұрғын үйден шыққан өрт алты пәтерді шарпыды

Өрт, Павлодар, Естай көшесі, көпқабатты тұрғын үй, балкон, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2025 20:58 Сурет: Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі
9 шілдеде сағат 18:28-де Павлодар қаласында Естай көшесіндегі орналасқан 10 қабатты көппәтерлі тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт 7-қабаттан 10-қабатқа дейінгі балкондарды шарпыды. Өрт үш адамға тиесілі алты пәтерге тарады. Өрттің жалпы ауданы 60 шаршы метрді құрады.

"Өрт сөндірушілер келгенге дейін тұрғындар өз бетінше оқиға орнын тастап, сыртқа шыққан. ТЖД бөлімшелерінің жедел іс-қимылдарының арқасында өрт 19:14-те оқшауланып, толығымен жойылды. Өрттің көрші пәтерлерге таралуына жол берілмеді", делінген хабарламада.

Оқиға орнында 31 адамнан тұратын ТЖД күштері мен құралдары және 13 бірлік техника, сондай-ақ Апаттар медицинасы орталығы жұмыс істеді.

Зардап шеккендер жоқ.

Өрт сөндірушілер өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін еске салады.

Бұған дейін Балқаш көлінде үрлемелі шеңбердегі сегіз жасар баланы қатты жел ұшырып әкеткенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: