Жол талғамайтын көліктің жүргізушісі самокаттағы қызды қағып, бірнеше көлікті соқты

жол көлік оқиғасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2022 11:24 Сурет: pixabay
16 маусымда Алматыда мас жүргізушінің кінәсінен бірнеше көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Сонымен қатар, жүргізуші самокаттағы қызды қағып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық полиция оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Ведомствоның хабарлауынша, Toyota Land Cruiser Prado көлігінің мас жүргізушісі Шевченко көшесімен төмен қарай келе жатып, электросамокатпенкеле жатқан жүргіншіні қағып кеткен.

Қозғалысын жалғастырған жүргізуші Kia K5 көлігін, одан кейін Kia Cerato көлігімен соқтығысқан. Соңғы болып Mercedes-Benz көлігіне инерциямен соғылған.

Жол апатынан жаяу жүргінші зардап шекті. Ол ауруханаға жеткізілді. Бұл оқиға бойынша тергеуді Алмалы аудандық ІІБ қызметкерлері жүргізіп жатыр. Олжас Шәріпов, Алматы қалалық полиция департаменті анықтау басқармасының бастығы
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: