Жаңалықтар тізбегі
0

Диетолог стресс кезінде жеуге болатын тағамдарды атады

брокколи, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2022 13:52 Сурет: pxhere
Қатты күйзеліске түскен кезде дұрыс тамақтану маңызды. Мұндайда пайдалы витаминдердің жетіспеушілігін болдырмау керек. Бұл туралы диетолог Софья Литошенко айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Диетолог күнде дұрыс тамақтану арқылы ағзаға темір, магний, омега-3, мырыш, селен деңгейін ұстап тұру керек екенін жеткізді. Оның сөзінше рационға ашытылған көкөністерді – кимчи немесе тұзсыз ашытылған қырыққабатты қосуға болады, деп жазады Life.ru cайты.

Брокколиді, брюссель қырыққабатын көбірек жеңіз. Олар С витаминіне, фолий қышқылы мен магнийге бай. Мұның бәрі эмоционал күйді реттеуге және депрессияны жақсы жеңуге көмектеседі. Сонымен қатар олар көңіл-күйді реттейтін нейротрансмиттердің, соның ішінде серотонин мен дофаминнің өндірілуіне ықпал етеді.Диетолог София Литошенко

Сонымен қатар жидектерді көбірек жеу керек, себебі олар – антиоксиданттардың көзі. Грек жаңғағы, чиа және күнбағыс дәні, зығыр тұқымы және басқа да жаңғақтар мен дәндер пайдалы. Оларда қажет майлар, Е витамині, мырыш пен магний бар. Олар дененің депрессиямен күресуіне көмектеседі.

Жаңалық материалдарын дәрігердің рецептімен тең көріге болмайды. Шешім қабылдамас бұрын маманмен кеңесіңіз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: