Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Ресейге қарсы санкциялар жайлы: Тікелей қысым жоқ

ПХЭФ, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2022 21:10 Сурет: видеодан скриншот
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге қарсы санкциялардың Қазақстанға қатысы жайлы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстанға келетін болсақ, біздің елге тікелей қысым көрсетіліп жатыр деп айтпас едім. Шынында да бұл - келіссөздер мәселесі. Санкциялар бар. Біз бұл санкцияларды, сөзсіз, біздің сауда-экономикалық стратегиямызда ескереміз. Бірақ, сонымен қатар, Ресеймен арадағы бұдан бұрынғы келісімдерімізге байланысты Қазақстан алдындағы міндеттемелер де бар. Сонымен қатар, жаңа ғана өз сөзімде атап өткенімдей, жағрафияның өзі, тарихқа тоқталмағанымызда, біз бірге болуымыз керек және ерекше жағдайларда жұмыс істеуіміз қажет. Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы ЕАЭО-ның барлық қиындықтарға қарамастан болашағы бар екенін атап өтті.

Одаққа кіру мүмкін деп санаған елдер айтарлықтай экономикалық күш пен әлеуетті құрайды, деп атап өтті Тоқаев.

Бірақ бұл арада, әрине, алға шығып, болжам жасауға болмайды. Бөрік лақтырумен ешбір жағдайда айналысуға болмайды. Себебі нақты қиындықтар бар. Бұл - объективті шындық. Сондықтан келіссөздер процесінде өзара қолайлы шешімдерді табу, біздің алдағы жұмысымыздың мәні де сол. Қазақстан Президенті
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: