Жаңалықтар тізбегі
0

Ресейге қарсы санкцияның алтыншы пакеті мақұлданды. Германия әскер санын арттыруда

Украинадағы жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.06.2022 21:30 Сурет: Instagram/bundeskanzler
НАТО Орталық және Шығыс Еуропада өз әскерін орналастырмау жөніндегі міндеттемесін ұстанудан бас тартатынын мәлімдеді. Ресейге қарсы санкциялардың жаңа пакеті мақұлданды, деп хабарлайды Zakon.kz.
  • Киев Мәскеуден астық экспорты үшін қауіпсіздік кепілдіктерін талап етті. Бұл дегеніміз әскерді теңіз айдынынан әкету және порттар мен коммерциялық керуендерге шабуыл жасамау кепілдігі.

  • Ресей Украинаны келіссөздерге қатысуға шақырып, сөз шығындамайды - Валентина Матвиенко.

  • Украинаның РФ территориясындағы нысандарға қарсы шетелдік қару-жарақты қолдану талпынысы жағдайды қолайсыз бағытқа қарай айтарлықтай өзгертеді - Дмитрий Песков.

  • Сондай-ақ Песков өз егемендігін жариялаған ЛХР, ДХР, сондай-ақ Херсон облысы мен Запорожье тағдырын Ресейге кіру туралы референдумдарда осы аумақтарда тұратын адамдар шешетінін айтты.

  • Германия канцлері Олаф Шольц жуырда Германияда НАТО-ға мүше елдер арасындағы Еуропадағы ең үлкен армия болады деп мәлімдеді.

  • НАТО-ның вице-президенті Мирча Джоанэ Солтүстік Атлантикалық одақ бұдан былай Орталық және Шығыс Еуропада өз әскерін орналастырмау жөніндегі міндеттемесін ұстанудан бас тартуы мүмкін деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Ресей өз әрекеттерімен ширек ғасыр бұрын қол қойылған Ресей Федерациясы мен НАТО арасындағы өзара қарым-қатынас, ынтымақтастық және қауіпсіздік туралы негізгі актіні жарамсыз етті.

  • "Ядролық қару — Ресей қауіпсіздігінің кепілі болып табылатын "соңғы теңестіруші", - деді Дмитрий Рогозин.

  • ЕО елшілері Ресейге қарсы санкциялардың алтыншы пакетін, оның ішінде мұнайға ішінара жарияланатын эмбаргоны мақұлдады, деп жазады Reuters.

  • ЕО Венгрияның ұстанымына сәйкес патриарх Кириллге қарсы жарияланған санкциялардан бас тартты, деп хабарлайды DPA агенттігі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: