АҚШ бастаған бірнеше мемлекет Ресейге санкция салды
АҚШ президенті Джо Байден Ресейдің қарызына санкция салынғанын айта келіп, бұл Батыс Ресей үкіметін қаржыландыруды тоқтатты дегенді білдіретінін атап өтті.
Ол енді Батыстан қарыз алып, оны біздің нарықтарда немесе Еуропа нарықтарында саудалай алмайды.АҚШ президенті Джо Байден
Байден егер Ресей көрші мемлекетке қарсы агрессиясын кеңейтетін болса, Вашингтон «санкция мәселесінде ары қарай шара қолдануға дайын екенін» мәлімдеді.
Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон Ресейдің бес банкі мен үш кәсіпкерінің активтеріне санксия салынғанын жариялады.
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, санкциялар Ресейдегі және шетелдегі танымал үш кәсіпкер – Геннадий Тимченко, Борис және Игорь Ротенбергтерге де әсерін тигізеді.
Олардың Ұлыбританиядағы кез келген активтері бұғатталады, мұнда кіруге және біз Ұлыбританияның барлық компаниялары мен жеке тұлғаларына олармен бизнес жүргізуге тыйым саламыз.Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон
Джонсонның пікірінше Донецк және Луганск халық республикалары аумағында ресейлік әскерлер бар және ол мұны «басқыншылық» деп санайтынын айтты.
Бүгін, яғни 23 ақпан күні Жапония премьер-министрі Фумио Кисида Ресейдің өзін-өзі тәуелсіз ел ретінде жариялаған Донецк және Луганск республикаларының егемендігін танығаны үшін санкциялар енгізетінін мәлімдеді.
Біздің ел мынандай санкциялар салу туралы шешім қабылдады: екі республика өкілдеріне виза беруді тоқтату және капиталдарын қатыру, осы екі республикамен экспорттық-импорттық қатынастарға тыйым салу, Ресей үкіметінің тәуелсіз жаңа қарызын біздің елде орналастыру және операцияларды жүргізу. Әрі қарай, біз бұл шаралардың егжей-тегжейлерін шешіп, қажетті процедураларды орындаймыз.Жапония премьер-министрі Фумио Кисида
Санкциялар Жапонияда ресейлік облигацияларды шығаруға да тыйым салады, деп жазады The Economic Times. Кейбір ресейлік тұлғалардың активтері бұғатталады.
Кисида Ресейді дипломатиялық келіссөздерге қайта оралуға шақырды.
Жапон премьер-министрі жағдай нашарласа, басқа шаралар қарастырылатынын атап өтті.
Аустралияның премьер-министрі Скотт Моррисон да Аустралия серіктестерімен бірге экономикалық санкцияларға қосылатынын мәлімдеді.
Аустралия сегіз ресейлік азаматқа қатысты атаулы санкия енгізеді, оларға Аустралияға кіруге және аустралиялық құрылымдар мен ұйымдарға қатысты кез келген қарлыжық операциялар жүргізуге тыйым салынады.Аустралияның премьер-министрі Скотт Моррисон