Еуроодақ Ресейге қарсы санкцияның бесінші пакетін әзірлеп қойды

Мәлімдеме, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2022 21:08 Сурет: Twitter/Ursula von der Leyen
Еуропалық Одақ Ресейге қарсы бесінші санкциялар пакетін дайындап жатыр, деп мәлімдеді Еуропалық комиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, бұған Украинаның Буча қаласында түсірілген суреттер себеп, олар ресейлік әскери тұтқындардың бейбіт тұрғындарға қарсы қылмыстарын нақтылайтын көрінеді.

Еурокомиссия Ресейдің көмір, ағаш, цемент, теңіз өнімдері мен спирттік ішімдіктер импортына тыйым салуды, ресейлік кемелерді Еуропалық порттарға жолатпауды, сондай-ақ ресейлік және беларусь көлік компанияларының қызметіне тыйым салуды ұсынды.

Жаңа санкциялар пакетінде қатарында ВТБ банк те бар ресейлік төрт банкімен атқарылатын транзакцияларға тыйым салу, Ресейге кванттық компьютерлер, байланыс құралдарын, көлік жабдықтарын экспорттауды шектеу, сондай-ақ ресейлік компаниялардың ЕО-ға мүше мемлекеттерде мемлекеттік сатып алуға қатысуына тыйым салу шаралары да қарастырылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: