Жаңалықтар тізбегі
0

ЕО Ресейге салынған санкциялар уақыт өте келе өз әсерін береді деп санайды

Мәлімдеме, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2022 15:20 Сурет: Twitter/Josep Borrell Fontelles
Еуропалық одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі, Еуропалық комиссияның вице-президенті Жосеп Боррель Ресейге қарсы санкциялар бірден әсер етуі мүмкін емес екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Санкциялардың бірден әсер етуі мүмкін емес", - дейді NTV түрік телеарнасы Боррелдің сөзін келтіріп.

Осыған дейін Боррель Еуроодақ Ресейге қарсы жеткілікті көлемде қаржылық санкция енгізді деп санайтынын айтқан. Оның айтуынша, енгізілген санкциялар Ресей экономикасына теріс әсерін беріп үлгерді.

Сондай-ақ, ЕО төрағасы Еуропаның Украинаға көмегі жағдайдың ушығуына әкеліп соқтырмауы керек екенін атап өтті. Ол шиеленістің ушығуынан және Ресеймен соғысудан аулақ болу керек деп санайды, өйткені мұндай жағдайда бүкіл әлем ІІІ-ші дүниежүзілік соғысқа бас қоюы ықтимал.

25 ақпанда Мәскеу Украинада әскери операция жүргізетінін жариялауына байланысты Еуропалық Одақ Ұлыбритания және АҚШ-тан кейін Ресейге қарсы санкциялардың жаңа пакетін іске қосты. Жекелеген санкциялар шаралары да қабылданды, сонымен қатар ресейлік әуе компаниялары үшін әуе кеңістігі жабылды. Сондай-ақ Ресейдің бірқатар ірі банктері SWIFT төлем жүйесінен ажыратылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: