Ресейлік газдан бас тарту үшін Еуроодақ қандай шара қабылдады
Сурет: Twitter/Josep Borrell Fontelles
Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы төрағасы Хосеп Боррел барлық еуропалық тұрғындарды энергия тұтынуды азайтуға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Еуроодақ дипломатиясының басшысы мұндай шараға Ресейден газға жалпы тәуелділікті азайту үшін барғанын мәлімдеді , деп жазды РИА Новости.
Бізді Ресеймен жалғайтын дүниелермен байланысты үзуіміз керек, қаржылық ағындарды тоқтату керек... Біз мұны кеше Еуропалық комиссия Ресейден жылдың соңына дейін газға тәуелділікті үштен екіге азайтуды көздейтін жаңа директивасы арқылы жасағандай макроэкономикалық деңгейде жасай аламыз.Еуроодақ дипломатиясының басшысы Жозеп Боррел
Бұған дейін Еуропалық комиссия еуропалықтарға ресейлік көмір, мұнай мен газдан бас тарту жоспарын ұсынған болатын. Оны 2030 жылға дейін жүзеге асыру жоспарлануда. Ол жоспарда мынандай қадамдар қамтылған: газ жеткізуді әртараптандыру, жаңартылатын газға көшуді жеделдету және жылыту және электр энергиясын өндіру жүйелеріндегі газды ауыстыру.
8 наурызда АҚШ президенті Джо Байден Вашингтонның Ресейден энергия импортына толығымен тыйым салатынын мәлімдеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript