Жаңалықтар тізбегі
0

БҰҰ Жоғарғы комиссары Қазақстанның реформаларын жоғары бағалады

БҰҰ Жоғары комиссары, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.03.2022 21:46 Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі
Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Женеваға сапары барысында БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Мишель Бачелетпен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында тараптар 2022-2024 жылдары АҚК-ға қазақстандық мүшеліктің басымдықтарын және БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасы (АҚЖКБ) делегациясының Қазақстанға сапарының қорытындыларын талқылады, оның нәтижелері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың адам құқықтарын қорғау, демократиялық қоғам құру және "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын енгізу бөлігінде бастамашылық еткен саяси реформаларды іске асыруда техникалық көмек көрсету үшін басым бағыттарды айқындауға мүмкіндік береді.

Тілеуберді Қазақстандағы қаңтар айындағы оқиғаларды тергеу барысы туралы, сондай-ақ адам құқықтары саласындағы өзінің халықаралық міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің кешенді шаралары туралы Жоғарғы комиссарды хабардар етті. Ол Қазақстан билігі әділ тергеу жүргізіп жатқанын, оның нәтижелері әлемдік қоғамдастыққа ұсынылатынын атап өтті.

Сондай-ақ, Қазақстан СІМ басшысы сұхбаттасына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда қазақстандық қоғамды саяси трансформациялауға бағытталған реформалардың жаңа бағдарламасын жариялауды жоспарлап отырғанын хабарлады. Сонымен қатар, министр Мишель Бачелетті Қазақстанға сапарымен келуі туралы Мемлекет басшысының шақыруын еске салды.

Өз кезегінде Жоғарғы комиссар Қазақстан Үкіметі жүргізіп жатқан жұмысты жоғары бағалады, сондай-ақ ұлттық құқық қорғау институттарының құқық қорғау реформаларын іске асыруға қатысуының маңыздылығын атап өтті. Мишель Бачелет оның кеңсесінің Қазақстанға қажетті техникалық көмек көрсетуге дайындығын білдірді. Қазақстанның азаматтардың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу жөніндегі шараларына қошемет көрсетті. ҚР СІМ баспасөз қызметі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: