Жаңалықтар тізбегі
0

Он бес адамның атынан онлайн несиені алаяқтық жолмен рәсімдеген жігіт ұсталды

Нұр-Сұлтан қаласы, интернет-алаяқ, онлайн кредит, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2022 09:17 Сурет: Zakon.kz
Күдікті 2021 жылы 15 жәбірленушінің жеке дерегін пайдаланып, олардың атынан микрокредиттік ұйымның интернет-порталы арқылы 50 000-нан 100 000 теңгеге дейінгі сомаға кредиттер ресімдеген. Жалпы материалдық шығын 1 200 000 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мамыр айында полицияға елорданың 15 тұрғыны олардың атына шағын несие беру ұйымдарында онлайн-несиелерді алаяқтық жолмен ресімдегені туралы жүгінген. Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі (ақпараттық жүйені пайдаланушыға қатысты алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Ведомствоның мәлімдеуінше, бұл істе осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған ШҚО-ның 30 жастағы тұрғыны әшкереленді.

Ер адам 2021 жылы жәбірленушілердің жеке дерегін пайдаланып, олардың атынан микрокредиттік ұйымның интернет-порталы арқылы 50 000-нан 100 000 теңгеге дейінгі сомада кредиттер ресімдегені анықталды. Жалпы материалдық шығын 1 200 000 теңге болды. Қылмыстық істер сотқа жіберілді. Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Интернет-алаяқтық бойынша күдікті 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарды алаяқтардан сақ болуды және әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жеке куәлікті, банк карталары мен шоттардың деректемелерін жібермеуді ескеретіл.

Банк қызметкерлерінің атынан қоңыраулар түскен кезде ешқашан жеке деректерді бермеңіз, қоңырауды дереу тоқтатып, банктің колл-орталығының ресми нөміріне хабарласу керек.Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: