Жаңалықтар тізбегі
0

Ақмола облысында зейнеткер шешесін қарызға батырған келіншек істі болды

Алаяқтық, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2022 21:07 Сурет: Zakon.kz
61 жастағы зейнеткер Ақкөл аудандық полиция бөліміне белгісіз біреулер банктердің бірінен өз атына тауар түріндегі несие тіркетіп алғаны туралы шағыммен жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Несие сомасы 1 млн 289 мың теңгені құрады.

18 маусымда зейнеткерден полицияға арыз келіп түскен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталды, ол зардап шегушінің 32 жастағы қызы болып шықты. Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі

2021 жылдың қарашасынан 2022 жылдың наурыз айы аралығында ол анасын еш түсіндірместен бірнеше рет суретке түсіріп, содан кейін жеке куәлігін де қолданғаны белгілі болды.

Зейнеткер несиесі мен берешек қарызы бары туралы кейін зейнет картасын бұғаттаған банк қызметкерлерінен білген.

Аудандық полиция бөлімінің тергеу бөлімі аталған фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігі, яғни "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын қолға алды. Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: