Ақмолалық полицейлер бөтеннің көлігін өртеп жіберген күдіктіні ұстады

Көлікті өртеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2022 10:26 Сурет: polisia.kz
7 қыркүйекте Ақкөл аудандық полиция бөліміне Ақкөл қаласының 50 жастағы тұрғыны жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz таратқан мәліметке сай, өтініш беруші 7 қыркүйекте Ақкөл қаласындағы дәмханалардың бірінің жанындағы тұрақта белгісіз тұлға оның ВАЗ-2107 автокөлігін өртегенін айтты.

Келтірілген залалдың сомасы бір млн теңгені құрады. Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол бұрын сотталған 28 жастағы ер адам болып шықты. Күдіктінің бұрын құрылыс-жөндеу жұмыстарымен айналысатын өтініш берушіде әртүрлі жұмысты істейтін жұмысшы ретінде қызмет еткені анықталды.

Ер адам жұмысқа шықпай қойғандықтан жұмыстан босатылған. Бұған жауап ретінде қаскүнем қараңғы уақытта көліктің салонына жанып тұрған қағазды лақтырып, көлікті өртеп жіберген.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 202-бабы 2-бөлігі “Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті Ақкөл аудандық ПБ УҰИ-ға қамауға алынды. Қазіргі уақытта оның басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: