Жаңалықтар тізбегі
0

Грузияның премьер-министрі келесі айдың аяғында Қазақстанға келеді

Қазақстан президенті, Грузияның премьер-министрі, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2022 17:39 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Катар экономикалық форумы аясында Грузияның премьер-министрі Ираклий Гарибашвилимен кездесу өткізді. Кездесуде екіжақты ықпалдастықтың өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпаратты Ақорданың ресми сайты жариялады.

Сіздің назарыңызды мынадай бағыттардағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларына аударғым келеді. Атап айтқанда, өзара сауда көлемін ұлғайту. Менің ойымша, біз өнімдерді өзара жеткізуді арттыра аламыз. Қазақстанға және Орталық Азияның басқа да елдеріне тауар жеткізу жағынан Грузияның үлкен қоры бар. Осы бағытта тығыз жұмыс істеуге дайынбыз.Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы көлік-логистика саласында, атап айтқанда Қазақстанның Ақтау және Құрық айлақтарының, сондай-ақ Батуми теңіз айлағының әлеуетін пайдалана отырып, екі ел арасындағы жүк тасымалын бірлесіп жүзеге асырудың маңызды екенін атап өтті.

Ираклий Гарибашвили Дохада кездесуге уақыт бөлгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдіріп, Грузияның Қазақстанмен арадағы көпжақты әрі өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға әзір екенін растады.

Грузияның премьер-министрі келесі айдың аяғында Қазақстанға келуді жоспарлап отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: