Ашхабадтағы халықаралық форум аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия Премьер-министрімен кездесті

Ашхабадтағы халықаралық форум аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен кездесті, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2025 15:01 Сурет: akorda.kz
Ашхабадтағы халықаралық форум аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми ақпаратты 2025 жылдың 12 желтоқсанында Ақорданың баспасөз қызметі айтты. Кездесу барысында президент Грузия Қазақстанның Оңтүстік Кавказдағы сенімді серіктесі болып қала беретінін айтты.

Сондай-ақ қос халық арасындағы берік достыққа, тарихи тамырластыққа негізделген ұзақ жылғы ынтымақтастықты оң бағалайтынын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе саяси диалог, экономикалық және гуманитарлық байланыстар дәйекті түрде дамып келе жатқанын растады.

Әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең көлемді мәселелері қарастырылды.

Осы орайда Мемлекет басшысы Грузиямен көлік-логистика, сауда-экономика салаларындағы қарым-қатынасты арттырудың әлеуеті зор екеніне тоқталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: