Жаңалықтар тізбегі
0

+45°C аптап ыстық, найзағай, бұршақ, қатты жел. Синоптиктер ескерту жариялады

+45°C аптап ыстық, найзағай, бұршақ, қатты жел, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2022 19:28 Сурет: Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі
22 маусымда еліміздің 10 өңіріне қатысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктер Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде соққан желдің екпіні 23-28 м/с, ал шығысында 25 м/с құрайды.

Күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады: +38°C. Қарағандыда күндіз солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 18 м/с жетеді. Жезқазғанда күндіз қатты ыстық сақталады: +36...+38°C.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді, күндіз облыстың оңтүстік-батысында 37°C-ге дейін қатты ыстық болады.

Күндіз Қызылорда облысында қатты ыстық болады: +40°C. Облыстың басым бөлігінде және Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Алматы облысының солтүстігінде және шығысында қатты ыстық болады: +36°C. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кейде 25 м/с құрайды.

Күндіз Түркістан облысының шөлді аудандарында аптап ыстық: +45°C. Таулы өңірлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні өңірдің солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с құрайды, күндіз облыстың басым бөлігінде аптап ыстық болады: +40°C.

Күндіз Ақтөбе облысының орталығында солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 18 м/с жетеді.

Күндіз Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде аптап ыстық болады: +43°C.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Батыстан, солтүстіктен, шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, кейде 25 м/с жетеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: